Күні: 30/11/2021
Тіл: Ағылшын
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 29/11/2021

Судья Томас Монтагю-Смит, KC, 2001 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына (Линкольн Инн) қабылданып, 2017 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды.
Ол, Лондондағы «XXIV Old Buildings» адвокаттар алқасында барристер ретінде жұмыс істейді, сондай-ақ Британ-Виргин аралдары мен Дубайды қоса алғанда халықаралық деңгейде тәжірибесін шыңдайды, бұл жерлерде ол Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының соттарында қаралатын көптеген ірі талап-арыздар бойынша істерге қатысқан. Оның құзыретіне халықаралық коммерциялық құқық, төрелік, коммерциялық алаяқтық, сақтандыру және қайта сақтандыру, құрылыс және кәсіби салғырттық салаларындағы дауларды шешу жатады. Ол АХҚО Соты қағидаларының басты әзірлеушісі болды.
Ол 1999 жылы Оксфорд университетінің Линкольн колледжін тәмамдаған, мұнда ол саясат, философия және экономика бойынша білім алған. 2000 жылы ол құқық саласы бойынша университеттен кейінгі білім туралы диплом алды, ал 2001 жылы заң колледжінде адвокаттар алқасына түсуге дайындық бойынша курстан өткен.

Кристофер Кэмпбелл-Холт OBE
Тіркеуші және Аппарат басшысы
Кристофер Кэмпбелл-Холт АХҚО Сотының күнделікті басқаруы мен әкімшілігіне, сондай-ақ сот істерін жүргізуге жауап береді. Ол сондай-ақ АХҚО Сотының шешімдерін орындау жөніндегі судья болып табылады. Ол АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығын бастапқы идеядан бастап, халықаралық деңгейдегі тәуелсіз дауларды шешу институттары ретінде құруды басқарды. Таяу Шығыс, Еуразия, Азия және Оңтүстік Америкада халықаралық қаржы орталықтары мен дауларды шешу жүйелерін дамыту бойынша кеңес беріп келді. Халықаралық құқық саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін Катардағы халықаралық қаржы орталығының сотында тіркеуші қызметін атқарған және Norton Rose Fulbright LLP заң фирмасында, сондай-ақ Covington & Burling LLP серіктестігіндегі Таяу Шығыс заң фирмасында жұмыс істеген.
Ол Лондон университеттік колледжінде құқық мамандығын оқыған және Нью-Йорк штатының адвокаттар алқасына қабылданған. Дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR) аккредиттелген медиаторы, Арбитрлердің Хартия институтының мүшесі және Директорлар хартия институтының өмірлік мүшесі болып табылады. Бірқатар мекемелердің басқарма мүшесі және/немесе басқарушысы, сондай-ақ бірнеше университетте құрметті және/немесе сырттай профессор болып табылады. Ол мемлекеттік марапаттарға ие болған. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан Қазақстан азаматтары емес тұлғаларға берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат — Достық орденімен, ал 2020 жылы — Жубилейлік медальмен марапатталған.