АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының Оқыту орталығы әлемге танымал тренерлер мен ұйымдармен ынтымақтастықта дауларды халықаралық деңгейде шешу бойынша оқыту бағдарламаларын ұсынады. Орталық судьяларды, заңгерлерді, дауларды шешу саласының мамандарын және құқық үстемдігіне қызығушылық танытатын барлық тұлғаларды заманауи халықаралық инвестициялық хабта табысты қызмет ету үшін қажетті халықаралық стандарттағы құзыреттер мен дағдыларға оқытады. Оқыту бағдарламалары кең ауқымды қамтиды, соның ішінде онлайн және офлайн адвокаттық дағдылар, арбитр және медиатор дағдылары, құқық пен бизнестің өзара байланысы, халықаралық коммерциялық шарттарды түсіндіру, common law судьяларының дағдылары және сарапшы куәгер дағдылары.

Жас заңгерлердің дамуы тағылымдама бағдарламалары мен түрлі студенттік жарыстар арқылы қолдау табады, соның ішінде АХҚО Сотының жыл сайынғы Moot Court жарысы, жыл сайынғы IAC Central Asia Vis Pre-Moot, АХҚО Сотының Junior Moot Competition жарысы және АХҚО Соты мен ХАО ұйымдастыратын мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы медиация жарысы.

about image