Күні: 14/05/2025
Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша
Тіл: Ағылшын тілінде, орыс тіліндегі субтитрлермен
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 13/05/2025
Бұл тренингті АХҚО Соты және ХТО-да Істерді басқару департаментінің басқарушы директоры Алмат Игенбаев мырза өткізеді. Ол дауларды тиімді шешу үшін медиацияны қолдану бойынша нұсқаулық беріп, медиацияның әдеттегі процесінің бес негізгі кезеңін қамтиды:
- Медиацияны түсіну: медиацияның негіздерін, оның артықшылықтарын және оны қашан қолдану керектігін қарастыру.
- Сенім қалыптастыру: тараптар арасында байланыс орнату және ашық коммуникацияны дамыту тәсілдері.
- Эмоцияларды басқару: эмоционалдық жағдайларды реттеу және медиацияның тиімді ортасын сақтау стратегиялары.
- Келіссөз жүргізу стратегиялары: барлық тараптардың мүдделерін қанағаттандыратын келісімге қол жеткізу үшін практикалық дағдылар.
- Келісімдерді қорытындылау: міндетті келісімге қол жеткізу және дауды тиімді шешуді қамтамасыз ету кезеңдері.

Алмат Игенбаев дауларды әкімшілендіру және кейс менеджментпен, сондай-ақ өзге де құқықтық мәселелермен айналысады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген және Лондон Университеттік колледжінің құқық магистрі дәрежесін алған. Ол АХҚО Сотының және ХТО құрамасына қосылмас бұрын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қызмет еткен. Дауларды тиімді шешу орталығының аккредиттелген медиаторы болып табылады.