Күні: 21/11/2025
Уақыт: 14:00 (Астана уақыты)
Тіл: Ағылшын
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 20/11/2025
Профессор Марк Мур
Халықаралық бизнес және коммерциялық құқық кафедрасының меңгерушісі / Ноттингем университеті заң мектебінің деканының орынбасары.
Халықаралық бизнес және коммерциялық құқық кафедрасының меңгерушісі және Ноттингем университеті заң мектебінің деканының орынбасары. Ол 2025 жылғы қаңтарда Ноттингем университетінің заң мектебіне халықаралық бизнес және коммерциялық құқық кафедрасының меңгерушісі және халықаралық бизнес және коммерциялық құқық бойынша LLM бағдарламасының директоры ретінде қосылды
Бұған дейін ол Лондон университеттік колледжінде (UCL) корпоративтік және қаржылық құқық кафедрасының меңгерушісі (2019–2024) қызметін атқарып, сонымен қатар UCL заң факультетінің деканының орынбасары болған. Ол Кембридж университетінде корпоративтік құқық бойынша аға оқытушы (Reader) және корпоративтік құқық магистрлік бағдарламасының (MCL) директоры (2014–2019) болды.
Сонымен қатар ол Бристоль университетінде, Окленд университетінде және Сиэтл университетінде оқытушылық қызмет атқарған.