Delay and disruption expert evidence in international construction arbitration

Күні: 25/11/2025

Уақыт: 10:00 (Астана уақыты)

Тіл: Орыс тілі

Форматы: офлайн

Төлем талап етілмейді.

Тіркелу мерзімі: 24/11/2025

Бағдарлама

Бұл тренинг өткен жылғы «Халықаралық арбитраждағы сараптамалық дәлелдемелер» атты мастер-кластың жалғасы болып табылады. Биылғы жылы тренерлер құрылыс арбитражындағы ең маңызды сараптамалық дәлел түрлерінің бірі — кідірістер мен жұмыстардың бұзылуын талдауға (delay and disruption) назар аударады. Семинар кідірістер мен бұзылуларды анықтау және дәлелдеу әдістері бойынша, сондай-ақ арбитражға қатысушылардың сараптамалық қорытындыларды дайындау және оларды табысты қорғаудағы рөлі бойынша практикалық түсінік береді. Бағдарлама SCL Delay and Disruption Protocol және AACE International №29R-03 «Forensic Schedule Analysis» ұсынымдық тәжірибесіне сәйкес әзірленген.

Семинар сот және төрелік істерімен айналысатын заңгерлерге, құрылыс құқығы саласының мамандарына, құрылыс менеджерлері мен жоба жетекшілеріне, сондай-ақ құрылыс және басқа да салалардың сарапшыларына арналған.

Бағдарламаның негізгі тақырыптары:

Кідіріс пен жұмыстардың бұзылуы бойынша сарапшылар мен куәлардың рөлі мен міндеттері, сондай-ақ дәлелдемелік базаны қалыптастыруға заңгерлердің қатысуы
Құрылыстағы кідірістер мен шығындардың артуына байланысты талап түрлері және залалды бағалау
Кідіріс пен бұзылуларды талдау әдістемелері, соның ішінде Critical Path Method (CPM), және олардың қолданылуы
Кідіріс пен бұзылуларды талдаудың халықаралық үздік тәжірибелері
Жоба құжаттамасын жүргізу және дәлелдемелік базаны қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар

Спикерлар туралы:

Адвокат Павел Булатов, Астанадағы White & Case Kazakhstan LLP заң фирмасының кеңесшісі, халықаралық арбитраж, сот талқылаулары және трансшекаралық банкроттық рәсімдері саласында маманданған. Ол ТМД елдері қатысатын халықаралық коммерциялық және инвестициялық арбитраждарда тәжірибеге ие және ХТО (АХҚО), Hong Kong International Arbitration Centre, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының арбитраж соты және Қазіргі заманғы арбитраж институты жанындағы Арбитраж орталығының арбитрлер тізіміне енгізілген.

Жанна Темірбаева ханым, Дубайдағы Ankura компаниясының басқарушы директоры, құрылыс дауларын шешу және олардың алдын алу, коммерциялық басқару және келісімшарттарды әкімшілендіру саласында маманданған. Ол күрделі халықаралық жобалар бойынша залалды есептеу (quantum) мәселелерінде сарапшы-куә ретінде қатысады және Ұлыбритания, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Австралия, Қазақстан және басқа да ТМД елдерінде инфрақұрылым, энергетика, мұнай-газ, теңіз және азаматтық құрылыс жобаларын қоса алғанда, құрылыс саласында 20 жылдан астам тәжірибеге ие.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:
Тренинг бөлімінің басшысы
+7 7172 64 73 69