Assessment of damages and consequences of cancellation

Күні: 25/06/2020

Форматы: Онлайн

Төлем талап етілмейді.

Тіркелу мерзімі: 24/06/2020

Спикер туралы
Сэр Джек Битсон FBA
АХҚО Сотының судьясы

Судья сэр Джек Битсон FBA (Британ ғылым академиясының) мүшесі, 1973 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына (Inner Temple) қабылданды, 1998 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды. 2003 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы Сотының судьясы және 2013 жылы Англия мен Уэльстің Апелляциялық сотының Лорд-судьясы болып тағайындалды.

Ол 1989 жылдан бастап 1994 жылға дейін Англия мен Уэльстегі құқықтық мәселелер бойынша уәкілетті тұлға болды және келісімшарт пен коммерциялық құқық, азаматтық істерде айғақтар ұсыну тәртібі, залалдарды өтеу және қаржылық қызметтерді қоса алғанда, мамандандырылған салалардағы құқықтық реформа бойынша жұмыс істеді. Ол 1973 жылдан 1994 жылғадейін Оксфорд университетінде құқықтан дәріс берді, ал 1994 жылдан бастап 2003 жылға дейін Кембридж университетінде ағылшын құқығының профессоры болды.

Ол Оксфорд пен Кембридж университеттерінің құрметті мүшесі, сондай-ақ (Энсонның шарт құқығы) (27-30-шы басылымдар) және «Шарт құқығындағы адалдық пен қателіктер» (1995 ж.) сияқты коммерциялық құқық саласы кітаптарының авторы.

Ол Оксфорд университетінің Брасенос-колледжінде білім алып, заң тануды оқыған, 1970 жылы бакалавр дипломын, 1972 жылы азаматтық құқық саласының бакалавры (BCL) дәрежесін, 1973 жылы магистр дәрежесін, 2000 жылы азаматтық құқық саласында докторлық дәреже (DCL) алған.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:
Тренинг бөлімінің басшысы
+7 7172 64 73 69