An Introduction to Legal English

Курстың ұзақтығы: 10 апта (аптасына 1 екі сағаттық сабақ)
Күндері: 2026 жылғы 16 мамыр – 18 шілде, сенбі күндері 14:00–16:00 (Астана уақыты)
Формат: онлайн форматтағы тікелей эфир сабақтары
Ерте тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 6 мамыр
Тіркелудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 14 мамыр

Бағдарлама

АХҚО Соты мен ХТО оқу орталығы One School ұйымымен бірлесіп, заң саласының мамандарына, заң студенттеріне және халықаралық құқықтық ортада жұмыс істейтін барлық тұлғаларға арналған «Заң ағылшын тіліне кіріспе» атты практикалық онлайн-курсты өткізеді. Курс барысында келісімшарттар әзірлеу, заңгерлік электрондық хаттар жазу және келіссөздерді модельдеу сияқты нақты практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар құқықтық контексттерде ағылшын тілін сенімді қолдану дағдыларын дамытады.

Неге тіркелу керек?

1. Жоғары білікті, ағылшын тілі ана тілі болып табылатын оқытушы: тәжірибелі native спикермен қызықты рөлдік ойындар, топтық талқылаулар және практикалық жаттығулар.

2. Практикалық дағдылар: келісімшарттар әзірлеу, кәсіби заңгерлік электрондық хаттар жазу және ағылшын тілінде келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту.

3. Сөздік қорды кеңейту: заң ағылшын тіліндегі лексиканы дамыту және «legalese» тілін тиімді қолдануды үйрену.

АХҚО Соты мен ХТО-ның курс аяқтау сертификаты

Курс талаптары:

Ағылшын тілі деңгейі: CEFR B1 (орта деңгей) немесе жоғары.

2. Техникалық талаптар: интернет байланысы, веб-камерасы мен микрофоны бар компьютер/планшет.

Құқықтық дайындық: құқық саласы бойынша базалық білім (ұсынылады, бірақ міндетті емес).

Қалай тіркелуге болады:

Төмендегі сілтеме арқылы онлайн тіркеу формасын толтырып, кеңесшімен байланысыңыз.

Расталғаннан кейін төлем сілтемесі мен шот-фактураны алыңыз.

Төлем жасағаннан кейін орныңызды растаңыз және курсқа кіру деректерін алыңыз.

Курс форматы мен материалдарымен танысу үшін қысқаша таныстыру сессиясына қатысыңыз.

One School University of Cambridge тарапынан толық сертификатталған Cambridge Online International School ретінде аккредитацияланған. Сонымен қатар ол Ұлыбритания үкіметі тарапынан білім беру саласындағы көшбасшы ретінде танылған және UK Boarding Schools Association ұйымының бағалауы бойынша әлемдегі үздік үш білім беру кеңесшілерінің қатарына кіреді. One School сондай-ақ Council of British International Schools (COBIS) тарапынан бүкіл әлемдегі британдық халықаралық мектептерге білім беру қызметтерін ұсынатын жетекші ұйым ретінде танылған және The Tutors’ Association тарапынан өзінің жоғары білікті оқытушылары үшін марапатталған.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:
Тренинг бөлімінің басшысы
+7 7172 64 73 69