Күні: 22/04/2026
Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша
Тіл: Орыс тілі
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 21/04/2026
Бұл тренинг тәжірибелі заңгерлерге, судьяларға, заң профессорларына, академиктерге және заң факультетінің студенттеріне арналған. Тренинг барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
ағылшын құқығының және ағылшын/американдық заң фирмаларының жетістік тарихы;
жалпы құқық (common law) және континенттік құқық (civil law) елдерінде құқық оқыту;
соңғы жылдардағы заңгерлік мамандықтағы үрдістер;
жасанды интеллект және оның заңгерлік мамандықтың болашағына, заң білім беру жүйесіне және дауларды шешуге әсері;
алдағы жылдардағы құқықтық зерттеулер бағыттары.

Д-р Роман Ходыкин
Серіктес, Bryan Cave Leighton Paisner LLP
Доктор Ходыкин Англия мен Уэльстің Жоғарғы соттарында солиситор-адвокат және Bryan Cave Leighton Paisner Дубай кеңсесінің серіктесі болып табылады. Ол Queen Mary University of London жанындағы Коммерциялық құқық орталығының шақырылған профессоры және коллизиялық құқық бойынша PhD дәрежесіне ие. Доктор Ходыкин ХТО(Қазақстан) және ICAC (Ресей) арбитрлер тізіміне енгізілген. Ол Англия мен Уэльс Жоғарғы соттарында, АХҚО Сотында және ДХҚО Сотында өкілдік ету құқығына ие. 2015–2018 жылдары ол Париждегі Халықаралық сауда палатасының (ICC) Халықаралық төрелік сотының қосалқы мүшесі болған.