The AIFC Court Moot for High Schools бұл АХҚО Сотындағы нақты сот процестерін модельдейтін алғашқы байқау. Ол жоғары сынып оқушыларына заңгер рөлінде әрекет етуге, жазбаша ұстанымдар дайындауға, ауызша дәлелдер ұсынуға және common law негізіндегі шынайы жағдайлар арқылы практикалық адвокаттық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
AIFC Court Junior Moot Committee Астанадағы мектептердің өкілдерін біріктіріп, The Annual AIFC Court Moot for High Schools 2026 байқауын дайындау мен ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Комитет оқушыларға идеялар ұсынуға, пікір алмасуға және жарысты жоспарлау үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.