Mediation Essentials for Effective Dispute Resolution

Күні: 14/05/2025

Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша

Тіл: Ағылшын тілінде, орыс тіліндегі субтитрлермен

Форматы: Онлайн

Төлем талап етілмейді.

Тіркелу мерзімі: 13/05/2025

Бағдарлама

Бұл тренингті АХҚО Соты және ХТО-да Істерді басқару департаментінің басқарушы директоры Алмат Игенбаев мырза өткізеді. Ол дауларды тиімді шешу үшін медиацияны қолдану бойынша нұсқаулық беріп, медиацияның әдеттегі процесінің бес негізгі кезеңін қамтиды:

  • Медиацияны түсіну: медиацияның негіздерін, оның артықшылықтарын және оны қашан қолдану керектігін қарастыру.
  • Сенім қалыптастыру: тараптар арасында байланыс орнату және ашық коммуникацияны дамыту тәсілдері.
  • Эмоцияларды басқару: эмоционалдық жағдайларды реттеу және медиацияның тиімді ортасын сақтау стратегиялары.
  • Келіссөз жүргізу стратегиялары: барлық тараптардың мүдделерін қанағаттандыратын келісімге қол жеткізу үшін практикалық дағдылар.
  • Келісімдерді қорытындылау: міндетті келісімге қол жеткізу және дауды тиімді шешуді қамтамасыз ету кезеңдері.
Спикер туралы
Алмат Игенбаев
Іс жүргізу бөлімінің басқарушы директоры
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:
Тренинг бөлімінің басшысы
+7 7172 64 73 69