Күні: 14/03/2022
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 13/03/2022
The AIFC Court and IAC Climate Change Initiative Launch
АХҚО Соты мен ХТО климаттың өзгеруі жөніндегі бастамасын АХҚО Соты мен ХТО-ның соңғы вебинары аясында іске қосты. Вебинар барысында ХТО мен халықаралық құқық саласындағы әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі - Британдық халықаралық және салыстырмалы құқық институты (BIICL) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны жарияланды. Климаттың өзгеруіне жаһандық деңгейде ден қою нәтижесінде энергетика, жер ресурстары, қалалық және инфрақұрылымдық, сондай-ақ өнеркәсіптік жүйелерді жылдам әрі ауқымды түрде трансформациялау қажеттілігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде жаңа инвестициялар мен келісімшарттардың пайда болуына, сәйкесінше шарттық және өзге де құқықтық даулардың көбеюіне әкелуде.
Вебинар барысында BIICL ұйымының өкілі доктор Жан-Пьер Госи «Еуразиядағы климаттың өзгеруіне байланысты дауларда бизнестің қазіргі және болашақтағы қажеттіліктері» тақырыбында негізгі баяндама жасады. ХТО төрайымы Барбара Доманн QC және АХҚО Шағын талаптар сотының судьясы Чарльз Баннер QC климаттың өзгеруіне байланысты дауларды шешуде ХТО мен АХҚО Соты қызметтерінің қазіргі және әлеуетті қолданылуын, сондай-ақ олардың артықшылықтарын түсіндіріп, оларды Еуразиядағы коммерциялық дауларды шешудің №1 таңдауы ретінде таныстырды.