Күні: 04/03/2021
Тіл: Ағылшын
Форматы: Онлайн
Төлем талап етілмейді.
Тіркелу мерзімі: 03/03/2021

Құрметті Лорд Манс
Лорд Манc 1965 жылы Англия мен Уэльстің заңгерлер алқасына қабылданды (Миддл Темпл) және 1982 жылы корольдік адвокаты болып тағайындалды. 1990 жылы ол Рекордер, ал 1993 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы Сотының, Корольдік Бенч филиалының судьясы болып тағайындалды. 1993 жылы Англия мен Уэльстің апелляциялық сотында лорд-судья болып тағайындалды. 2005 жылы Лордтар палатасындағы Апелляциялық соттың төрағасы болды. 2009 жылы ол және аппеляциялық соттың тағы тоғыз судьямен қатар Біріккен Корольдіктің Жоғарғы Сотының судьялары болып тағайындалды. 2017 жылы ол Ұлыбритания Жоғарғы Сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылы ол зейнетке шығуына байланысты бұл қызметінен кетті. Лорд Манс 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 31 қазанына дейін АХҚО Сотының Төрағасы қызметін атқарды.
Ол коммерциялық және халықаралық сауда, халықаралық жария және жеке құқық, сондай-ақ Еуропалық Одақ құқығында көп жылдық тәжірибеге ие. Ол банктік шағымдар бойынша әр түрлі соттарда төрағалық етті (1992-1993), Еуропалық судьялардың Консультативтік кеңесінің төрағасы (2002-2003), Британдық сақтандыру құқығы қауымдастығының төрағасы (2000-2002), сонымен қатар Еуропалық құқық академиясының қамқоршысы (2003). 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін ол Оксфорд университетіндегі Пэр сотының төрағасы болды, азаматтық құқық бойынша құрметті доктор дәрежесін алды және қазіргі уақытта Университет колледжі мен Вулфсон колледжінің құрметті мүшесі болып табылады.

Барбара Доманн QC
Барбара Доманн ұзақ жылдардан бері коммерциялық құқық саласындағы жетекші баррристер және халықаралық төреші.
Ол 1973 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына қабылданып, 1987 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды. Ол Лондонның Халықаралық төрелік сотының (LCIA) мүшесі. Б.Доманн ханым LCIA-да, Лондондағы Металдар биржасында (мұнда ол Төрелік және төрелік апелляция жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады), Париждегі Халықаралық сауда палатасында және Гонконгтағы Халықаралықт өрелік орталығында төреші болып тағайындалды. Ол CEDR аккредиттеген медиатор болып табылады.
Оның төрелік тәжірибесі халықаралық бірлескен кәсіпорындар, металл саудасы, мұнай мен газ саудасы, Солтүстік теңізде мұнай ұңғымаларын бұрғылау келісімшарттары, экипажсыз кемелерді жалдау шарттарын түсіндіру, кемелерді ерекше шарттармен жалдау шарттарының болжамды бұзушылықтары, меншік, зияткерлік меншік, құрылыс, трасттар, тауар саудасы, отбасылық қорлар, акционерлердің даулары, компаниялардың бірігуі және қосып алулар, халықаралық спорттық іс-шаралар, БАҚ және ойын-сауық, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру сияқты мәселелер бойынша дауларды шешуді қамтиды.
Ол Бермуд, Гибралтар, Сингапур, Бруней, Гранд-Кайман, Багам аралдары және Британ Виргин аралдары сияқты елдердегі ірі коммерциялық даулар бойынша шетелдік соттарға қатысуда үлкен тәжірибеге ие. Ол Британдық Виргин аралдары Адвокаттар қауымдастығының мүшесі
Ол АҚШ, Ирландия, Франция, Германия, Австрия және Дубайдағы соттарда ағылшын заңнамасы бойынша сарапшылық айғақтар ұсынған.
Ол 1987 жылдан бастап 2001 жылға дейін хаттамашы, 1994 жылдан бастап 2002 жылға дейін Жоғарғы сот судьясының , 2007 жылдан 2017 жылға дейін Катардағы қаржы орталығының халықаралық соты судьясының орынбасары болды.
Ол Лондон металл биржасының Арнайы комитетінің, Халықаралық сот ісін жүргізу құқығы жөніндегі Лорд-канцлердің консультативтік комитетінің, Халықаралық сот ісін жүргізу құқығының ғылыми қоғамдастығының және Германия Заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
Ол Майнц (Германия) және Сорбонна (Франция) университеттерінде, сондай-ақ барристерлер даярлайтын британдық мектепте білім алған. Ол ағылшын, неміс, француз және испан тілдерін меңгерген.