Case Progression at the AIFC Court

Күні: 12/03/2025

Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша

Тіл: Ағылшын тілінде, орыс тіліндегі субтитрлермен

Форматы: Онлайн

Төлем талап етілмейді.

Тіркелу мерзімі: 11/03/2025

Бағдарлама

Бұл оқу сессиясында OBE атағына ие Кэмпбелл-Холт мырза МФЦА Сотында істі қалай бастауға және жүргізуге болатыны жөнінде нұсқаулық береді, сот ісін жүргізу мен істі басқарудың бес негізгі кезеңін қамти отырып:

1. Істі бастауға дейінгі кезең: мақсаттарды айқындау, дәлелдемелерді жинау және дауларды баламалы шешу (ADR) нұсқаларын қарастыру.

2. Талап қоюды бастау: талап арыз беру және Соттың істі басқару процесін бастау.

3. Аралық мәселелер: істі стратегиялық басқару және құжаттарды ашып көрсету.

4. Сот талқылауы: сот залындағы рәсімдерді және шешім қабылдау процесін түсіну.

5. Соттан кейінгі мәселелер: апелляция, шешімдерді орындау және сот шығындары.

Спикер туралы

Кристофер Кэмпбелл-Холт OBE

Тіркеуші және Аппарат басшысы

Кристофер Кэмпбелл-Холт АХҚО Сотының күнделікті басқаруы мен әкімшілігіне, сондай-ақ сот істерін жүргізуге жауап береді. Ол сондай-ақ АХҚО Сотының шешімдерін орындау жөніндегі судья болып табылады. Ол АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығын бастапқы идеядан бастап, халықаралық деңгейдегі тәуелсіз дауларды шешу институттары ретінде құруды басқарды. Таяу Шығыс, Еуразия, Азия және Оңтүстік Америкада халықаралық қаржы орталықтары мен дауларды шешу жүйелерін дамыту бойынша кеңес беріп келді. Халықаралық құқық саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін Катардағы халықаралық қаржы орталығының сотында тіркеуші қызметін атқарған және Norton Rose Fulbright LLP заң фирмасында, сондай-ақ Covington & Burling LLP серіктестігіндегі Таяу Шығыс заң фирмасында жұмыс істеген.

Ол Лондон университеттік колледжінде құқық мамандығын оқыған және Нью-Йорк штатының адвокаттар алқасына қабылданған. Дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR) аккредиттелген медиаторы, Арбитрлердің Хартия институтының мүшесі және Директорлар хартия институтының өмірлік мүшесі болып табылады. Бірқатар мекемелердің басқарма мүшесі және/немесе басқарушысы, сондай-ақ бірнеше университетте құрметті және/немесе сырттай профессор болып табылады. Ол мемлекеттік марапаттарға ие болған. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан Қазақстан азаматтары емес тұлғаларға берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат — Достық орденімен, ал 2020 жылы — Жубилейлік медальмен марапатталған.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:
Тренинг бөлімінің басшысы
+7 7172 64 73 69