Курстың ұзақтығы: 10 апта (аптасына 1 екі сағаттық сабақ)
Күндері: 2025 жылғы 24 мамыр – 26 шілде, сенбі күндері 14:00–16:00 (Астана уақыты)
Формат: онлайн форматтағы тікелей эфир сабақтары
Ерте тіркелу мерзімі: 2025 жылғы 28 наурыз
Тіркелудің соңғы мерзімі: 2025 жылғы 2 мамыр
АХҚО Соты мен ХТО Оқу орталығы One School ұйымымен бірлесіп, заң саласына қызығушылығы бар заңгер мамандар мен құқық факультетінің студенттеріне арналған Introduction to Legal English курсының басталатынын қуана хабарлайды. Бұл 20 сағаттық тікелей онлайн-бағдарламаны Ұлыбританияда орналасқан тәжірибелі британдық ағылшын тілді оқытушы жүргізеді.
Курс барысында қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, негізгі келісімшарттарды оқу және әзірлеу, кәсіби заңгерлік электрондық хаттар жазу, сондай-ақ келіссөздер симуляцияларына қатысу дағдыларын меңгереді.